Санасы уланғандар салтты ұмытады

Батыс Қазақстан облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы:

- Жарас Иебергенұлы! БҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы болғалы бірнеше жобаны іске асырдыңыз. Соның бірі – діни теріс ағымға еріп, адасқан адамдарды оңалту жұмысы. Облыста адасушылардың саны өспей, бұдан бірнеше жыл бұрынғы деңгейде тұр. Себебі неде? ­

-Дін мәселелерін зерттеу орталығы 2014 жылы ашылды. Содан бері діни экстремизмнің алдын алу бағытында бірнеше жобаны қолға алды. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін орталықтың басшылығына мені алып келген болатын. Біз ол жобаларды теологтармен бірлесе отырып жүзеге асырдық. Соның бірі – діни теріс ағымдардың алдын алудағы ақпараттық­түсіндіру және шетелдердегі діннің атын жамылған экстремистік ұйымдардың ықпалынан отандастарымызды қорғап, оңалту жұмыстары. Әрине, бұл – адам санасына байланысты өте қиын жұмыс. Дәстүрлі исламды діндар азаматтар арасына уақытында түсіндіріп, саналарына сіңіре білудің арқасында біз теріс ағымдағы азаматтардың санын көбейтпей отырмыз. Кейбір адасушылар халқымыздың тарихы мен дәстүрлі дінін түсініп, дұрыс жолға түсуде. Бұл қуантарлық жағдай. Бүгінгі таңда ғаламтор кеңістігі жастарды дәстүрлі емес ағымдардың жетегіне тартуға барынша мүмкіндік беріп отыр. Біз діни экстремистік идеологияларды таратып отырған әлеуметтік желілерді жабу үшін ай сайын жұмыстанамыз. Өкінішке орай, бір әлеуметтік желі жабылса, орнына екіншісі ашылады.

- Сіздің орталықтың жұмысы республикаға үлгі ретінде таратылды. Басқа облыстағы әріптестеріңізбен тәжірибе алмасу жағы қалай?

-­ Иә, біздің орталықтың діни экстремизмге қарсы жұмыс нәтижелері өзге өңірлерге 3 жылдан бері үлгі боп келеді. Басқа облыстарды алар болсақ, Ақтөбе, Атырау облыстарының тиімді жобалары да жақсы нәтиже берді. Мемлекетіміздің бұл салада тәжірибесі аз. Діни экстремизмге қарсы жұмыста барлық өңір бір­бірімен тәжірибе алмасып, нәтижесінде бағытымызды айқындап, жұмыс бір ізге түсті.

-Орталық дін мәселелерін зерттейді. Ендеше, жастардың адасуын және үгіт-насихатқа көнбей отырған себебін тарқатып айтсаңыз. бұл жерде бірінші адам психологиясы тұр ма? Теріс ағым идеологиясы жастарды адастыруда қандай наным- сенімді алға тартып отыр?

-Діндар азаматтар өзін түсінетін, ортақ тақырыпта сөйлесе алатын орта іздейді. Бұл елімізде дін ұстанушылардың аздығынан дейді психологтар. қоғамның діндар азаматтарды бөлектеуі оларды радикалдық көзқарасқа итермелеуі мүмкін. Діни фанаттық көзқарастағы адасушылар психологиялық тұрғыда өздерін ортадан бөлектей бастаса, онда қоғамнан бөліну пайда болады. Діни теріс көзқарастағы адамдар дінге жаңа келген жастарды ортасына тартып жатыр. Олар өз көзқарастарын өзгеге таңу үшін барлық мүмкіндікті қолдануда. Оларда «бауырға көмектесу» деген өте керемет әдіс бар. Бұл алғашында жақсы нәрсе болып көрінгенмен де, алданған жастар арандап қалып жатыр. Бұл бағытта діндар жамағат арасында, зайырлы орталарда біздің мекеме тарапынан түсіндіру жұмыстары жүруде. Жақсы діни дүниелерді бетперде етіп, өз пиғылын жүргізіп келе жатқан діни экстремистік сипаттағы әлеуметтік желілер бар. Олардың арғы жағында ислам дінін қаралауға дайын арнайы дайындалған топтар тұрғанын діндар жамағаттар біле бермейді. Осы мәселені халық шынайы сезінсе екен дейміз.

- Адасқан жастар радикалды көзқарасқа қалай келуде?

-Батыс Қазақстан өңірі бойынша террористік ұйымға тартылған азаматтардың адасуына бірнеше себеп тән. Біріншісі, психологиялық тәуелділік. Кез келген жас адам белгілі бір ортада көңілі қанағаттанып, өзінің абыройлы болғанын қалайды. Дұрыс тәрбие берілмеген, жастайынан ата­ананың қадағалауынсыз қалған, ұстанымы әлсіз баланы билеп­төстеп кету оңай. Сондықтан жастар өз болашағын сараптай алмай, теріс ағымның жетегінде кетуде. Оның үстіне тап болған ортасы материалдық, рухани тұрғыда үнемі қолдап отырса, ол адам психологиялық тұрғыда оларға кіріптар болып қалады. Діни жағынан келсек, террористік ұйымға тартылудың себебі – азаматтардың сауатсыздығы. Экстремистік идеяны таратып отырғандар жастардың мемлекетке, халыққа деген реніштерін жалған ақпараттармен қатайтып, олардың ызасын психологиялық тұрғыда кезең­кезеңмен көтере береді. Ақыреттік өмірге деген құлшынысын арттырып, оған деген махаббатын көтереді. Міне, сөйтіп дінге шынайы көңілімен ұмтылған жастар діни сауатсыздықтың кесірінен экстремистік идеялардың құрбаны болып шығады. Жеке тұлғаның діни эстремистік сипатта қалыптасуының бірнеше себебі бар. қоғамға ренжу, психологиялық күйзеліс, рухани шөлдеу және әлеуметтік жағдайының төмендігі және оған өзінің жалқаулығын емес, мемлекетті кінәлау. Әйтпесе, жұмыс жасаймын деген адамға елде «екі қолға бір күрек» табылады. Жалпы психология бойынша аз адамдар тобы өзара ауызбіршілікте болады. Теріс діни ағым өкілдерінің аздығы олардың бір­біріне қамқор болып, кез келген сәтте бір­бірінің жанынан табылуына және ол ортаның берік болуына ықпал етеді. Жалған жиһадшылдық мәліметті «бір көзден» алудан туындайды. Яғни жан­жақты іздену жоқ. Оның үс тіне олардың кез келгені шейх­ұстаз бола салады. Яғни оларда сурбанизация (жоғарыдан төмен қарай бағыну немесе біліміне қарау) деген ұғым жоқ. Мысалы, кез келген идеологияда немесе қоғамда жүйе бар. Жүйесіз құрылым, түптеп келгенде, мемлекетте «хаос» тудыра­ тын жағдайға алып келеді. Адасушылар діни бағытының жүйесіздігі және эмоцияның жетегінде кетуі салдарынан қоғамда түсінбестік тудырып отыр. Дегенмен бұл мәселе мемлекет тарапынан жан-жақты зерттеліп, талданып, жүйелі жұмыстар атқарылуда. - уақытша ішіп-жеу қызы- ғына, яғни өмірдің материалдық жағына малданған жастар кө- бейіп, рухани дүние әлсіреп кет- кен жоқ па? Кезінде әл­Фараби атамыз «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен. Маған қойған бұл сұрағыңызды мен Қызылорда облысында бір ақсақалға қойып едім. Сонда ақсақал: «Балам, біздер ұрпағымызды адамдарды сүюге және барға қанағат етуге үйрете алмадық» ­ деп еді. Мен ол кісіге: «Террористердің арасында оқыған азаматтар да бар дегенмін. Сонда ақсақал: «Баланы оқыту бар да, тәрбиелеу бар. Оның үстіне адамдарды сүю – мүлдем басқа дүние», ­ деген еді. Мен де осы ақсақалдың сөзін құптаймын.

-Жарас Иебергенұлы, мына күрмеуі қиын дін мәселелесінде сізді бұдан басқа не толғандырады?

-Насихат ақиқаттан биік тұратын заманда өмір сүріп жатырмыз. Кім­кімді көбірек жамандаса және сол ақпаратын кең көлемде тарата алса, соның сөзі ақиқаттай көрінетін заманда күй кешіп жатырмыз. Діни экстремизмге қарсы белсенді жұмыс мемлекеттің мүддесін қорғап отырған азаматтардың жүйкесіне үлкен күш түсіріп отыр. Менің айтарым, мемлекет Отанымыздың тыныштығы үшін жұмыс істеп отырған азаматтарға көмектесуі қажет. Мемлекет пен халық, құзырлы органдар бір­біріне тіреу болып, бірлесе қимылдамаса, діни терроризм мен экстремизм деген бәлені жоя алмаймыз. Со­ нымен қатар мемлекет, Отан үшін шынайы жұмыс жасайтын ұрпақ­ ты тәрбиелеуде ата­аналар да үлкен рөл атқаруы тиіс. Бағзы заманда бір патша елінің берекетін ала беретін бір топ қарақшыны жазалапты. Патша қарақшылардың ішінен бас қарақшының 9 жасар баласын аман алып қалады. Уәзірлері «Хан ием, бұл бала өскен соң әкесінің кегін алып, бізді өлтіреді. Бұл баланы неге асырап алдың?» ­ депті. Сонда хан: «Мен бұл баланы туғанымдай жақсы көремін. Бала да мені әкесіндей көретін болады. Кейін еліме қызмет етеді» ­ деген екен. Ханның айтқаны келіп, асырап алып, жақсы тәрбие берген қарақшының баласы елге жанашырлықпен қызмет етіп өткен дейді. Міне, кейде жамандықтың да жақсы жағын көруге болады. Бәрі тәрбиеге байланысты. Орталықтың сараптама қорытындысы бойынша, адамның террорист болып кетуіне отбасында жөнді тәрбие берілмеуі себеп екен. «Отан отбасынан басталады» деген. Отанымызды қорғау үшін отбасын дұрыстауымыз қажет.

Сұхбатты жүргізген: Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ,

Орал қаласы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT