Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылы Құрбан айттың қай күні басталатынын жариялады.
ҚМДБ мәліметінше, Құрбан айт 2020 жылы 31 шілдеден басталады. Құрбан айт үш күн тойланады. Құрбан айт уақытында мұсылмандар құрбан шалады. Құрбандық шалу - ғибадат етудің маңызды рәсімдерінің бірі. Бұл салт - ислам дінінің маңызды рәсімі.
Құрбандыққа тұяқты жануарлар: түйе, сиыр немесе қой союға болады.
Ең танымал құрбандық - удхия - Құрбан айт мерекесінде құрбандық шалу, бірақ оған қоса мұсылмандар баланың дүниеге келуіне (акика), сондай-ақ ант ретінде (нәзір Құрбан) құрбандық шалады.
Дереккөз: stan.kz