Орталық мешітте санитарлық талаптарды сақтай отырып, құрбандықтың офлайн режимде шалынуына мүмкіндік жасалды.
Аудан орталығындағы Исатай-Махамбет орталық мешітінің бас имамы Е.Иманғалиевтың айтуынша, санитарлық талаптарды сақтай отырып, 14 ірі-қара, 5 қой малының құрбандыққа шалынуын ұйымдастырылып, құрбан малының еті 230 отбасына таратылған.

Сонымен қатар, мұқтаж отбасыларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері де үлестірілген. Құрбандық етін қуана қабыл алған аудан тұрғындары қайырымдылық шарасын ұйымдастырғандарға Алланың разылығы мен сауабын тіледі.

Құрбандығыңыз қабыл болсын!
«Жайық-Ақпарат»
Сурет:дереккөз
 
                                    
             
     
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						 
    							    						    												
    						


