«Керуен сыры» - Ақмешітте

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Жарқын болашақ» жастар қоғамдық бірлестігі алғашқы «Керуен сыры» атты экскурсия жұмысына жетекшілік етті.

Оған аудандағы толық емес және көп балалы отбасылардың балалары, сондай-ақ белсенді, үздіктер қатарындағы 60-қа жуық оқушы қамтылды. Экскурсия Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан Ақмешіт тарихи орнына бағытталды.

Тарихтан белгілі Ақмешіт – XIX ғасырдың бас кезінде Жем бойында пір Бекет салғызған жер асты мешіті болып табылады. Қазақ халқы құрметтеп, әулие санаған Бекет ата осы тарихи жерде дүниеге келіп, шәкірт дайындап, осы жер асты мешітінде ғұмыр кешкен. Оның ата-анасы Мырзағұл мен Жәния және Тоғай есімді ұлы осы жерде жер қойнына тапсырылған. Бекет ата Мырзағұлұлы ¬«Батыс жақтан келсеңдер, Құлшанға (шәкірті) соқпай келмеңдер!» деп өсиет қалдырған екен. Экскурсия мүшелері өсиетті орындап, Ақбор төбенің баурайында орналасқан бабамызға дұға бағыштап, шырақшы ағамыздың таңғажайып тың деректерімен танысты. Жалпы пір Бекеттің жеті мешіті болса, соның қазір төртеуі ғана жұмыс жасап тұр. Міне, солардың бірі осы Ақмешіт қорымы, екіншісі, өзі жатқан Оғыланды жерінде, үшіншісі Бейнеуде, төртінші мешіт Маңғыстаудың бойындағы Тобықтыда орналасқан екен. Экскурсия барысында жол бойы түрлі тарихи сұрақтар, логикалық тапсырмалар, мақал-мәтелдер,жұмбақтар қойылып, оқушылардың білім деңгейлері көрінді.

Жалпы осындай еліміздегі тарихи нысандардың жай-күйімен таныстыру, тарихи орындарға арнайы экскурсиялар ұйымдастыру және төл тарихымызды көрсету өскелең ұрпақтың ата-бабаларымыздың жүріп өткен тарихын біліп, ұғынуына септігін тигізеді. Келешек жас ұрпақтың жарқын болашаққа деген биік әрі нық сенімдерін дамыту біздің негізгі мақсатымыз болып табылады.

Әсия Тәжбентай,

«Жарқын болашақ» жастар қоғамдық

бірлестігінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT