“Иманғали” мешіті арқылы баспаналы болған 6 баланың анасы жұртшылыққа алғыс айтты (+ВИДЕО)

Жақында ғана мүфтияттың “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында Атырауда баспаналы болған Айна Китуева есімді алты балалы ана жұртшылыққа алғысын айтып, ерекше жүрек толқуын жеткізді.

Бұл туралы Атырау облыстық орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі хабарлайды. amin.kz

Атырау облысының орталық “Иманғали” мешітімен бірге, жергілікті өнер адамдары, қарапайым халықтың атсалысуымен баспана бақытына қол жеткізген алты балалы ана барша халыққа ерекше ризашылығын айтты.

{ytvideo https://youtu.be/k2jU0qm3UK8|16:9}

2004 жылдан бері пәтер жалдап, баспана тауқыметін тартып келе жатқан ана талай ауыр сынақтарды бастан өткерсе де, жақсылықтан үміт үзбегенін айтады.

Еске сала кетелік, жуырда ғана Атырауда “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында сегізінші үй тапсырылған еді.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT