Тұмау – жасы мен жынысына қарамастан барлық адамдарды зақымдайтын қауіпті жұқпалы ауру.
Атырау облысында өткен жылдары тұмауға ұқсас инфекциялар анықталған көрінеді. Жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы А.Сарсенғалиеваның мәлімдеуінше, 2019-2020 жылдары Атырау облысында ОРВИ-дің 2475 оқиғасы тіркелген, ал оның 14-і тұмаудың зертханалық тіркелген түрі болып шыққан. Оның ішінде жүкті әйелдерде-9, 14 жасқа дейінгі балаларда-5( оның 1-і 1 жасқа дейінгі балалар). Алдыңғы жылдарға қарағанда Атырау облысында тұмау емес инфекциялар бой көрсеткен. Тұмау емес вирус түрлері 90 азаматтан байқалған. Оның салмақ нәтижесі 30 пайызды құраған.
Атап айтсақ, мына вирус түрлері ринтвирус, аденовирус, РС вирус, парагрипп. Сондықтан тұмау-ең қауіпті ауру екенін ескертеді. Бұл адамдардың жынысына, жасына қарамайды. Тұмауды тасымалдау көзі-вирус екенін ұмытпаған жөн. Медицина қызметкерлері тұмаудың қауіпті, өзгергіш келетінін анықтап отыр. Соңғы 2-3 жылда өз қасиетін өзгерткен. 10-12 жыл сайын вирус өзгеріп, бұрынғыға қарағанда тез өзгеретіні айқындалған.
Биылғы тұмаудың жаңа эпидемиялық маусымына жергілікті бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ+» вакцинасының 60000 дозасы сатып алынған.
Сатып алынған вакцинамен ақысыз түрде халықтың осал тобына жататын: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларды, алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, сәбилер үйлері балаларын, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларын, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдерді, жүрек – қан тамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жыл сайын тұмауға қарсы вакцинацияланады.
Сонымен қатар осал топқа кірмейтін әр адам өз қалауы бойынша ақылы түрде мемлекеттік емханалар мен жеке клиникалардан тұмауға қарсы екпе алуына болады. Вакцинациядан басқа тұмаудан қорғанудың тағы бір тәсілі бар – ерекше емес профилактика. Ерекше емес профилактика организмнің өзінің қорғаныш күштерін нығайтуға бағытталған және вакцинациялаумен бір уақытта жүргізуге болатыны айтылды. Сақтық шараларын сақтап науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маусымға сәйкес киіну қажет.
«Тұмау өзінің асқынуларымен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге барғаныңыз жөн» дейді жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы А.Сарсенғалиева.
Сурет:дереккөз