Вирусты гепатит

Вирусты гепаттиттер – кеңінен таралған және қауіпті жұқпалы ауру.

Олар ағзаға түскенде бауырды зақымдайды. Сонымен қоса бауырдың функциясын реттеп тұратын барлық зат алмасу процесін бұзып, улы заттарлы залалсыздандыру қабілетін жоғалтып, дәрумендік теңгерімі бұзылады.

А гепатиті немесе боткин ауруы – ол вирустық гепатиттің ең кең тараған түрі. Аурудың жасырын кезеңі (залалдағаннан бастап, гепатиттің бірінші белгілері байқалғанға дейін) 7 күннен бастап 50 күнге дейін созылады. Инфекция көзі болып табылатын клиникалық айғақты ауру адам немесе сарғаймаған науқас.

А вирусты гепатиті ересектер және балалар тобы арасынла тіркеледі. Вирус қоршаған ортаның физикалық және химиялық факторына өте төзімді. Су, тағам, сонымен қатар ауырған науқаспен қарым-қатынас арқылы беріледі.

Ауру әдетте жоғары дене қызуынан басталады және кейбір белгілерімен тұмауға ұқсайды. 2-4 күн өткеннен кейін аурудың зәрі қоңырланып, қою шәйдің түріндей болады, ал үлкен дәреті ағарады. Содан кейін сарғаю пайда болады, оның пайда болуымен аурудың жағдайы жақсарады. Аурудың ұзақтығы 1,5-2 айға дейін, ал аурудан кейін қалыпқа келу уақыты жарты жылға дейін созылуы мүмкін.

А вирусты гепатитімен ауыру маусымы – жазғы, күзгі уақыт. Вирус суда жақсы сақталатындықтан аурудың жұғу қаупі көбіне су қоймаларына суға түскенде, белгісіз орындардағы су көздерінен су ішкенде, бір-бірімен қарым-қатынаста болғанда, жеке гигиенаның сақталмауынан жұғады. Мысалы, ортақ пайдаланатын ойыншықтар, ыдыс-аяқ, есік тұтқалары. А вирусты гепатитінің ерекше профилактикасы – вакцинациялау болып табылады.

Салтанат МАҚИЕВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT