Полиомиелит – бұл церебральды сал ауруы немесе жұлынның сал ауруы. Жұлынның зақымдануына байланысты болатын жоғары жұқпалы ауру.
Көбінесе полиомиелитпен 5 жасқа дейінгі балалар, кейде ересектер де ауырады. Полиомиелит емделмейді, бірақ оны болдырмаудың жолы – вакцина. Қазақстандағы профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес, вакцинация курсы 2 айдан бастап, содан кейін 3 және 4 айдан басталады. 1 жасында иммунитетті сақтау үшін ревакцинация жүргізіледі (оральді полиомиелитті вакцина - ауызға тамызылады).
Қазіргі уақытта полиомиелиттің тұрақты ошақтары әлемнің үш елінде ғана сақталады: Ауғанстан, Пәкістан және Нигерия. Сонымен қатар, полиомиелит вирусын әкелу және оның басқа елдерде, ең алдымен, осы инфекциядан қорғалмаған балалар үшін таралу қаупі бар.
Алдын алу шараларына тоқталсақ, жеке гигиена ережелерін сақтау, кепілдендірілген сапа мен өнеркәсіптік өндіріс өнімдері қолданылатын жерде ғана тамақтану, термиялық өңдеуден өтпеген немесе көше саудасы орындарында сатып алынған өнімдерді тамаққа пайдаланбау, жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, кептірілген жемістер мен көкөністерді, әсіресе базарлардан сатып алынғандарды тұтынар алдында ағынды сумен мұқият жуып, содан кейін қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен шаю керек. Ішуге тек қайнатылған суды немесе бөтелкедегі суды, өнеркәсіптік өндірістің сусындары мен шырындарын пайдаланған жөн. Тек бассейндерде немесе шомылуға бөлінген су айдындарында ғана шомылу керек.
Ата-аналардың назарына! Егер балада аяқтың тірегінің төмендеуі, жүріс-тұрыстың бұзылуы туралы шағымдар болса (жиі сүрініп, “аяғын тартады”, “ұрады”), оны невропатолог маманына дереу көрсетіңіз. Дәрігерге уақтылы бару – емді дер кезінде алып, тез сауығудың кепілі.