Ішек-қарын ауруларының ең қатерлі аса жұқпалы дерті тырысқақ. Бұл кесепат әрі өте ауыр және тез тарайды. Бұл аурумен негізінен тек адамдар ғана аурады. Қазіргі кезде жер шарының түкпір-түкпірінде тырысқақ өріс алып отыр.
Соңғы жылдардағы деректер бойынша Өзбекстан, Тәжікстан елдерінде аурудың ошағы пайда болған.Сондықтан да тырысқақтың шеттен келуіне де үлкен көңіл бөлінуде.
Тырысқақ ауруы су арқылы, тазалық сақталмаған жағдайларда пайдалы болады. Жаз айларында Жайық өзені мен су каналдарының бойын халық қоныстанып, ашық су көздерін кеңінен пайдаланады. Әсіресе суды қайнатпай пайдалану, шомылу аталған сырқатқа ұрындыруы ықтимал.
Тырысқақ ауруының негізгі белгілерінің бірі адамның іші өтуінен басталады, дәрет сұйылып, жиілей түседі. Денесі әлсіреп, басы айналады, құса бастайды. Құсығы да түссізденіп, күріш қайнатқан суға ұқсайды. Балтыр, саусақ, аяқ еттерінің ауырып, құрысып-тырысуы қосылады, дененің қызуы төмендейді. Даусы әлсіреп, үні әрең естіледі. Зәр шығарудан қалады. Сыртқатқа тез көмек көрсетілмесе, өліп кетуі мүмкін.
Сондықтан да, аурудың алғашқы белгілері біліне бастаған кезде, өз бетімен дәрі-дермек қолданбай, дереу дәрігерге көрінуі қажет. Ауырған адамдар екі аптаға дейін аурудың қоздырғыштарын таратады. Науқастанған адаммен қарым-қатынаста болған, бірақ өздері ауырмағандардың дәреттері арқылы қоздырғыштар бөлінуі мүмкін.
Қауіпті дәреттен сақтану үшін оны болдырмау шараларын білуіміз тиіс. Ол үшін тазалықты қатаң сақтап, көкөністі жуып жеп, шәйді, сүтті қайнатып ішу керек.
Сақтық шараларын дұрыс жүргізсек, бұл дертпен ауырмауға және оның таралып кетуіне жол бермеуге болады.
Б.Хайдарова,
Махамбет обаға қарсы күрес
бөлімшесінің зертханашысы