Осылайша, өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 302 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.
Штаб мәліметіне сәйкес, үш науқас та - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, олар 1963, 1999 жылғы екі ер адам және 1984 жылғы әйел.
Covid-19 анықталғанға дейін, жұмысшылардың барлығы бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарда жатқан. Олардан сынама алынып, нәтижесінде Covid-19 диагнозы расталды.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған.
Инфекция ошағына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2020 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 302 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Ал, қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны - 113.