Тегін дәрі-дәрмек таратылуда

«Вакцина алыңыз – өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!».

Осындай атаумен Махамбет ауданының әкімдігі «Caspian Logistic and procurement» компаниясымен бірлесіп, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау және вакцина алғандарды ынталандыру мақсатында акция ұйымдастыруда. Компания тарапынан сатып алынған премиум санаттағы белсенді биологиялық қоспа 1000 отбасыға тегін таратылады. Өткен аптаның жұма, сенбі күндері ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы кезінде Махамбет ауданы бойынша 600-ден астам отбасы қамтылды.

5cf85748-eb90-4eb0-9d95-05aa57f4c482

- Пандемия кезінде халықтың денсаулығын қорғап, иммундық жүйені көтерген дұрыс әрине. Ал вакцина – вирустың таралуын төмендетуге, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға сеп болмақ. Әлі де вирус жұқтырғандар азаймай отыр. Сондықтан осындай қиын кезде бір-бірімізді қолдау маңызды. Мұндай акциялар әлбетте, жалғасын табады. Бастамаға қолдау білдірген Махамбет ауданының әкімі Ринат Бауыржанұлына рахмет,- деді компания директоры Айгүл Қалиева.

ababc767-9add-43ac-9f1f-3e6566866d45

aeaaa44b-8bc6-4cf5-b4e7-e69ff26740f2

Айта кетейік, шараға компания өкілдерінен бөлек «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры еріктілері, Махамбет аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудан еріктілері атсалысты. Осындай қиын кезеңде көмек көрсеткен жомарт жандарға ауыл тұрғындары дән риза.

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз