Сәби өмірге қайта келгендей болды

Кішкентай бөбектің ішек өтімсіздігі әсерінен шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жедел жағдайда хирургиялық бөлімге жеткізілген науқаста ауырсыну мен нәжіске қан араласу белгілері көрінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, сәбиде құсудың әсерінен дегидратация дамып, ішек инвагинациясы пайда болған.

s

- Науқасқа ота 1 жарым сағат көлемінде лапароскопиялық әдіспен жасалынды. Бұл елімізде көп кездеспейтін операциялық әдістердің бірі. Бірақ, ота күрделілігіне қарамастан сәтті аяқталды. Қазіргі таңда сәбидің жағдайы бірқалыпты. Тыныс алу ырғағы қалпында, жиілігі минутына – 36. Аускультация кезінде жүрек соғу жылдамдығы да дұрыс. Пульс минутына – 132. Отадан кейінгі тігістер алынып, жара өңделді, - дейді хирургия бөлімшесінің дәрігері Аманжол Адрисов.

Ауруханада қажетті емді қабылдап болған бүлдіршіннің анасының дәрігерлерге айтар алғысы шексіз. Отадан соң жағдайы жақсарып, сәбиім өмірге қайта келгендей болды дейді ол.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 Сурет:ӨҚК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT