Құйрық май коронавирустан емдей ме?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы майды аз жеуге шақырады.

Әлеуметтік желілерден «тартылған қойдың құйрық майының 1 кесесіне таза бал, тартылған 2 қасық зімбір қосып, араластыру керек. Бұл вирус, жөтел, пневмониядан жүз пайызға емдеу әдісі» деген хабарлар желдей есті. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты. Коронавирусқа қарсы құйрық майлардың тиімділігі туралы дәлел жоқ. Бал мен зімбірдің де COVID-19-дан толық емдейтінін ешкім дәлелдемеді.

Майдың вирусты, басқа да инфекцияны физикалық тұрғыда жеңе алмайтынын естен шығармайық. Дегенмен, қойдың майы халық арасында ем үшін кеңінен қолданылатыны рас. Жөтел кезінде денеге жағылады. Майды мөлшермен пайдаланып, дәрігер жазып берген дәрілерді ескерсек, ол да сіз үшін зиянды емес шығар. Құйрық май дәріні алмастыра алмайды. Халық емі денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан дәрігермен ақылдасқан дұрыс. Жалпы дәрігерлер қауымы баяу балқитын жануарлар майлары (құйрық, қаз т.б) сүрту кезінде теріге жылудың жоғалуын баяулататын пленка пайда болады болуына әкеп соқтырады дейді. Бірақ майлар инфекцияны емдемейді. ДДСҰ майды аз жеуге шақырады.

kuirykmai1172

ДДСҰ ресми сайтында COVID-19 пандемиясы уақытында ересектерге арналған тамақтану ұсыныстарын ұсыныпты. Енді соған көз жүгіртсек:

1) қаныққан майлардан гөрі (балық, авокадо, жаңғақтар, зәйтүн майы, соя, рапс, күнбағыс, жүгері майлары) қанықпаған майларды жегеніңіз дұрыс (майлы ет, кокос майы, кілегей, ірімшік);

2) қызыл еттен гөрі құрамында майы аз, ақ ет (құс еті) пен балықты таңдаған жөн;

3) өңделген еттен де аулақ болыңыз. Себебі, оның құрамында май мен тұз көп. Мүмкіндігінше сүт пен сүт өнімдерінен майсыз түрлерін таңдаңыз;

4) өнеркәсіпте өндірілетін майларды қолдануды ұсынбаймыз. Олар көбінесе өңделген тамақ, фасфуд, жеңіл тағамдар, қуырылған тағамдар, мұздатылған пицца, бәліштер, печенье, маргариндер мен спрэдтерде кездесетінін ұмытпайық.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT