Өңірдегі 62 медицина қызметкері қауіпті індет жұқтырған

Пандемиямен күрес кезінде өңірдегі 62 медицина қызметкері қауіпті індет жұқтырған, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Танбаева мәлімдеді.

- Дәрігерлерде коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі басым. Өйткені, COVID-19 індетімен күресте дәрігерлер, медбикелер, кіші буын мед. қызметкерлері, санитарлар, инфекционист мамандар алдыңғы шепте жұмыс істеуде. Көпшілігі бірнеше айдан бері жақындарын көрмеген, бұл моральдық тұрғыдан алғанда өте қиын. Біз медицина қызметкерлерінің осындай еңбектері мен кәсіптеріне адалдықтары үшін алғыс білдіреміз. Қазіргі уақытта оларға тәулігіне 6 сағат жұмыс істеу үшін ауысымдық жұмыс әдісі ұйымдастырылған. Сонымен қатар, жақсы демалулары үшін барлық жағдай қарастырылған, - деді Гүлнафис Танбаева.

Айта кетейік, бүгінде өңірдегі 62 медицина қызметкерінен COVID-19 анықталды, олардың 17-сі инфекциялық стационарда. Қауіпті індетке шалдыққандармен байланысушы тұлғалар апта сайын вирусқа тест тапсырады. Олардың күнделікті дене қызулары өлшеніп, тексеріледі. ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда, жедел түрде анализ алынады.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз