Облыстық ауруханада жоспарлы емдеу басталды

«Қазіргі уақытта 300 орынға арналған «таза аймақта» 120 науқас ем қабылдап жатыр» деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

«Аурухана көпсалалы қызметіне, яғни, диагностика, емдеу, күрделі операциялар бойынша жұмысына қайта кірісті. Бүгінде науқастарға хирургиялық, терапиялық бейінде медициналық қызмет көрсетіліп жатыр» дейді Атырау облысы ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Бұдан бөлек, аурухана жанынан консультациялық қызмет көрсететін орталық жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетелік, Атырауда инфекциялық кереуеттер саны 26 пайызға, провизорлық кереуеттер саны 32 пайызға қысқарды. Карантиндік орындар жабылды.

Бүгінде Атырауда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың 75 пайыздан астамы сауығып шықты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз