Бүгін Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинациялау басталды.
Облыс бойынша алғашқы COVID-19 қарсы вакцинаны Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов, облыстық онкологиялық диспансердің директоры Эльмира Сапарова және Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев алды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев мәлімдегендей, вакцинаны медицина саласының қызметкерлері мен облыстық денсаулық сақтау саласының мамандары алады.