Қоғам денсаулығы баршаға ортақ

2018-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі- қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру болып табылады.

Махамбет аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында осы бағытта биылғы жылы бірқатар іс-шаралар өткізді. Атап айтқанда аудан әкімінің орынбасары С.Аманшиеваның төрағалығымен ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес қызыл- шаға қарсы шараларды ұйымдастыру туралы семинар-кеңес, Е.Ағелеуов, Д.Төленов, О.Шонаев пен Қ.Қалыбеков атындығы орта мектептерінде жоғарғы сынып оқушыларының арасында «ЖИТС-аса қатерлі вирустық дерт, қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары» және «Біздің міндет - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты семинарлары өтіп, барлық білім беру нысандарында акциялар жүргізілді. Мемлекеттік және жеке медициналық емдеу алдын алу мекемелерінің қызметкерлері, госпитальды эпидемиологтары арасында санитариялық қағидалары туралы семинар, аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Н.Қалиев, аудандық прокуратура және бұқаралық ақпарат құралдарының уәкілдерінің қатысуымен «ҚР Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілерді этика және мінез-құлық қағидалары мәселелері», «Табиғи техногендік си- паттағы жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою» тақырыптарында шаралар ұйымдастырылды. Аудандық ауруханада «Туберкулездің алдын алу айлығы», «Қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы, қызылшаға қарсы вакцинациялауға жататын тәуекел топтарына екпе жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу шаралары» атты семинарға барлық аудандық екпеге жауапты медицина қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар облыс әкімі Н.А.Ноғаевтың 2018-2020 жылдарға арналған «Саламатты өмір салты жылы» кешенді өңірлік іс-шаралардың бірлескен жоспарына сәйкес аудан бойынша орналасқан барлық мектепке дейін және білім беру нысандарында акциялар ұйымдастырылып келеді.

Ш.ГАБДУЛЛИНА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма әдіскері.

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика