Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Махамбет ауданында МӘМС жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың санын азайту мақсатында сақтандырылмаған азаматтармен және мекеме басшыларымен кездесу жиыны өтті.

 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі, медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы, қаржыландыру, медициналық техникамен жарақтандыру, мамандандырылған мамандардың болуы  туралы және халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлеу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу әдістерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауылымызға «Әлеуметтік  медициналық жарналарын төлеу және МӘМС жүйесіне қатысу әдістерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу  мақсатында ауылымызға  «Әлеуметтік  медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының   директоры Газизов Байтолла Закарьяұлы  және Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы Уайсова Анар Қуанышқызы арнайы келді.  

Міндетті         әлеуметтік       медициналық   сақтандыру  жүйесі    бойынша  Махамбет ауылдық округінде  атқарылып  жатырған   шаралар    туралы    Махамбет  ауылдық округі әкімі Әженов Руслан Болатұлы:

 « Қазақстан Республикасының 2015 жылғы  16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» №405 Заңына сәйкес барлық азаматтар сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті.

         Сақтандырылмаған  азаматтарға кез-келген уақытта профилактикалық медициналық тексерулерден өту, консультативтік-диагностикалық көмектерді қабылдау (қымбат зерттеулер, компьютерлік томография, ультра дыбыстық зерттеу және т.б), жоғары мамандандырылған медициналық көмек (үй стационары, күндізгі стационар, тәулік бойы жұмыс істейтін аурухана), медициналық реабилитациядан өтуде кедергі келтіреді.

           Махамбет ауылдық округінде 2023 жылдың 1 қаңтар жағдайымен 12802 халық тұрады. Оның ішінде күні бүгін 1033 адам сақтандырылмай отыр. Осы сақтандырылмаған азаматтардың жүйедегі соңғы әлеуметтік статаустары төмендегідей:

352 адам -  жұмысшылар

40 адам - азаматтық келісім-шарт негізінде жұмыс жасаушылар

68 адам - жеке кәсіпкерлер

30 адам- бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер

18 адам – дербес төлеушілер

525 адам – мүлдем жарна төлемеген азаматтар

         «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының дайындаған «Хабарламаны»  салаға жауапты мамандардың, медицина ұйымдарының, жастардың, волонтерлардың көмегімен әрбір сақтандырылмаған азаматтарға таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.

          Округ бойынша  шағын және орта бизнес өкілдерімен ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімімен бірлесе отырып, кездесулер өткізіп, МӘМС жүйесі үшін  жанраларды ай сайын төлеу қажеттілігі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.

          Сақтандырылмаған азаматтарға МӘМС жүйесінде сақтандырылу маңыздылығы, азаматтардың құқықтары туралы түсінік  беріп, халық арасында  сақтандыру  мәртебесін және МӘМС жүйесіндегі берешек кезеңдерін тексеру мен МӘМС үшін  жарнаны мемлекет төлейтін жеңілдігі бар азаматтар санатын анықтауға арналған  ақпараттық брошюралар таратылды.   МӘМС туралы баннерлер орнатылды.

           «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының ұсынған инфографикаларды округке қарасты  дәрігерлік амбулаториялар, халық көп шоғырланатын мемлекеттік мекемелерде, яғни барлық мектеп, балабақшаларда, Казпошта ғимаратында, Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына, дүкен, сауда орындарына, ауылішілік автобус көліктеріне ілінді.

          МӘМС жүйесі бойынш түсінік жұмыстары  ұдайы жүргізілуде.

          Сөзімді қорыта келе барлығыңызды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне  өзіңізді сақтандыруға шақырамын.»-деді.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT