«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалына жиі келіп түсетін сұрақтардың бірі ол жұмыс істемейтін, МӘМС-ке жарна төлемейтін адамдарға қандай медициналық қызмет көрсетіледі?
«Егер сіз МӘМС жүйесінде әлі сақтандырылмаған болсаңыз, бірақ емдеуді қажет етсеңіз, уайымдамаңыз. Сізге ешкім алғашқы және шұғыл медициналық көмектен бас тартпайды, өйткені оларға мемлекет тегін медициналық қызметтер пакетінде (ТМККК) кепілдік береді» - деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Ғазизов.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес мемлекет ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмекке кепілдік береді.
Нақты неге кепілдік беріледі?
Сізге сондай-ақ қол жетімді:
Сізде әрқашан МӘМС жүйесінде сақтандырылуға және сақтандыру пакетінде медициналық қызметтердің максималды көлемін алуға мүмкіндік бар. Ол үшін ай сайын медициналық сақтандыру қорына жарналар/аударымдар енгізу қажет.