Медициналық бетпердеге қатысты ұсынымдар

Қорғаныш бетпердесін кию адамдарға ауруды жұқтырудан қорғану мақсатында ұсынылады және кейбір респираторлық вирустық аурулардың, оның ішінде COVID-19 таралуын шектеуі мүмкін.

Алайда, қорғанудың барлық деңгейін қамтамасыз ету үшін оны тек пайдаланудан бөлек басқа да шаралар қабылдануға тиіс. Халыққа арналған қорғану бетпердесін міндетті түрде кию ұсынылады:

- барлық адамдарға әлеуметтік дистанциялаудың басқа да шараларын (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, Халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және т. б.) қолдау қиын жабық үй-жайларда, сондай-ақ көлікте болған кезде;

- коронавирустық инфекцияға күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;

- коронавирустық инфекцияға ұқсас ауру белгілері бар адамдарға (дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру).

Бұл ретте осы тармақ міндетті түрде орындаулы тиіс және бұзушылық болған жағдайда кінәлі адамға әкімшілік шаралар қолданылады.

Жабық үй-жайлардан тыс (көшеде) халық үшін қорғаныс бетпердесін кию халық арасында жұқтыру қаупін төмендету үшін ұсынылады. Бетперде аурудан қорғанудың тиімді құралы. Осы ретте, қолды антисептикалық құралмен тұрақты өңдеп немесе қолды сабынмен жиі жууды да ұмытпаған жөн. Бір рет қолданылатын медициналық бетпердені пайдалану және кәдеге жарату ережесін есте ұстаңыз:

- оны кимес бұрын қолды антисептикалық құралмен өңдеу керек немесе сабынмен жуыңыз;

- бет пен бет арасындағы саңылаусыз мұрын мен аузын жабатындай болсын;

- киіп алған бетпердеге қолыңызды тигізбеңіз; жанасу жағдайында қолды антисептикалық құралмен өңдеу және оларды сабынмен жуу қажет;

- егер бетперде киген кезде ылғал болса, оны жаңасына ауыстыру және бір рет қолданылатын бетпердені қайта қолданбау ұсынылады;

- бетпердені шешу кезінде сақ болып, көз, мұрын және аузыңызға тиіспеу;

- бетпердені шешу үшін (алдыңғы бөлігіне жанаспастан) резеңкеден ұстап, бірден жабылатын қалдықтарға арналған контейнерге (пакетке) тастау қажет.

Кейін қолды антисептикалық құралмен өңдеп немесе сабынмен жууды қайталаңыз.

С.Қабазова,

Махамбет аудандық тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

басқармасының бас маманы

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT