Медициналық сақтандыру жарналары неліктен қайтарылады?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жекелеген қызметкерлер үшін МӘМС төлемдерін қайтару бойынша жұмыс берушілерден өтініштер жиі кел келіп түседі, олардың ішінде жоғарғы оқу орындары мен арнайы орта оқу орындарының студенттері де бар.

mams-2
«Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жұмыс берушілер мен қызметкерлер тарапынан кейбір жекелеген қызметкерлердің білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімдерінің студенттері қатарында болуы себепті МӘМС жүйесіне аударымдар мен жарналардың өтпей қайтып келуіне байланысты шағымдардың ұлғайып отырғандығы байқалды» - деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Ғазизов.
Күндізгі оқу бөлімдерінде білім алатын студенттер 15 жеңілдік санаттардың біріне кіреді, сәйкесінше Қорға жарналар мемлекет тарапынан төленеді.
Сондықтан, жұмыс берушілер студент-жұмыскерлер үшін медициналық сақтандыру төлемдерін төлеуден босатылған. Жарналардан жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген студенттер де босатылады. Дәл осы себептен жеңілдік санатына жататын азаматтар үшін МӘМС жарналары мен аударымдары қайтарылады.
Жеңілдік санатына жататын азаматтардың тізімін кім және қалай жасайды?

mams-3
Студенттердің тізімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінің деректері негізінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қалыптастырады. Бұдан әрі тізім студенттерге жеңілдік ретінде МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына беріледі.
Айта кетейік, Қор азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтамайды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесіне түзетулер енгізуге құқылы емес.
Студент болып саналмайтын қызметкер үшін төлем қайтарылған жағдайда не істеу керек?
Оны 2021 жылы оқуын аяқтаған азаматтар тізімінен шығару керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментіне немесе өзінің оқу орнына жүгіну қажет.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Байланыс орталығы – 1406

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT