Медициналық сақтандыру қоры тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 19,8 млрд теңге төледі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы Атырау облысы бойынша 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 19,8 млрд теңге төледі.

«Ағымдағы жылдың 13 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, Атырау облысы бойынша Қормен келісім шарт бекіткен жеткізуші компанияларға 19,8 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 86 пайызын құрайды», - деді МСҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизов.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор жыл басында емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 23,1 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Ғазизов.

Бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 59 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 25-сі – жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 4 мекемеге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 16% артып, 1,2 млрд теңгені құрады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика