Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып, жалақылары 20-30%-ға көтеріледі.
Премьер-министрдің сөзінше, денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысы жақсартылады.
«Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып, жалақылары 20-30%-ға көтеріледі. Студенттердің стипендиялары 20%-ға, магистранттар, докторанттар мен резиденттердің стипендиялары 15%-ға көбейеді», деді Смайылов.
Сонымен қатар, Әлихан Смайылов ауылдық жерлерде кемінде 80 денсаулық сақтау объектілерін салу көзделіп отырғанын жеткізді. Оның ішінде 4 инсульт орталығы және 10 балаларды оңалтуға арналған орталық ашылады.