Медицина қызметкерлеріне 1 миллион теңге берілді

Облысымыздағы ауылдық округтерде жұмыс істеуге кеткен жас медицина қызметкерлеріне 1 млн.теңгеден жәрдемақы берілді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева мәлімдеді.

- Ауылдық елді мекендердегі медициналық мекемелерге жұмыс жасауға барған жас мамандарды қолдау үшін бір жолғы ақшалай көмек көрсетіледі. Айта кету керек, жұмыс жасап жатқан медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті. Сонымен қатар, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ бойынша 30 медицина қызметкеріне жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек, - дейді Мәншүк Аймурзиева. Айта кетейік, биыл 1 маусымнан бастап медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында осы сала қызметкерлерінің жалақысы өсірілген болатын. Атап айтсақ, медицина қызметкерлердің жалақысы 30%-ға, ал қалғандарынікі 11%-ға өсті. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1 млрд. 729 млн. теңге қаражат бөлінді.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз