Өңірде Covid-19 індетінен айыққандар саны 171 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.
Атырау облысындат қауіпті дерттен тағы алты адам сауығып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олардың бесеуі - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 61, 23, 29, 26 және 24 жастағы ер адамдар.
- Ал, инфекциялық стационардан шығарылған алтыншы адам – 8 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны. Қазіргі уақытта ол өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін алынған соңғы тест нәтижесі, теріс көрсеткіш көрсетті.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 171 адамға жетті.