Махамбетте мобильді вакцинация пункті іске қосылды

Екпе пункті жылжымалы диагностикалық медициналық кешен ішінен ашылды.

Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Енді коронавирусқа қарсы екпе алатын адамдар үшін Махамбет ауданының әртүрлі елді мекендеріндегі ауыл тұрғындарына жылжымалы диагностикалық кешен келеді. Онда дәрігерлер мен медбикелер тобы жұмыс істейді. Вакцинациядан бұрын олар медициналық тексеруден өтіп, вакцина алғысы келетіндердің барлығына сауалнама жүргізеді. Мысалы, 3 мамырда жылжымалы екпе пункті Бақсай ауылдық округіне келді.

- Бұл күні Махамбет аудандық ауруханасына жергілікті тұрғындарды вакцинациялауға 50 доза "Спутник V" вакцинасы бөлінді. Ауыл тұрғындарынан басқа осы күні "West Dala" ЖШС қызметкерлері де екпе алды", - деп хабарлады Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау басқармасы Махамбет ауданының тұрғындарын вакцинациялауға 1330 доза вакцина бөлді. Қазіргі уақытта 556 доза екпе игерілді, бұл 42% - ды құрайды. Естеріңізге сала кетейік, мобильді диагностикалық медициналық кешендер өткен жылдың қазан айында Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат және Махамбет аудандарына берілген болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз