Махамбет ауданының 2 тұрғынынан инфекция расталды

Атырауда бір тәулікте 93 адамнан коронавирус анықталды.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Атырауда бір тәулікте 93 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі хабарлайды.

Вирус жұқтырған 77 адам Атырау қаласының тұрғындары. 10 науқас Теңіз кенішінен анықталған. Жылыой ауданының 3, Құрманғазы ауданының 1, Махамбет ауданының 2 тұрғынынан инфекция расталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 59 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте коронавирустан 30 адам сауығып шықты.

Қазіргі уақытта 802 адам үй жағдайында, 173 – модульдік ауруханада, облыстық инфекциялық стацинарларда 81, ал аудандық инфекциялық стационарларда 74 науқас ем алуда.

Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 131 адам емделуде.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT