Махамбет ауданында індет жұқтырушылар саны 23-ке жетті

COVID-19 жұқтырған 33 адам Атырау қаласынан тіркелді.

Олардың 32-сінен вирус скринингтен өту барысында анықталған, ал біреуі инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.Сондай-ақ тағы 5 жағдайдың біреуі Исатай ауданының 1963 жылы және Индер ауданының 1953 жылы,  3-уі Махамбет ауданының 1957,2000,1994  жылы туған тұрғындарынан тіркелді. Барлығынан инфекция скринигтен өту кезінде анықталған.

Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

21.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1440 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны - 1095.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521