Махамбет ауданында алғашқы жеке емшара орталығы ашылды

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА «ӘЛИМҰХАММЕД» АТАУЫМЕН АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ ЕМШАРА ОРТАЛЫҒЫН АШЫЛДЫ. «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2025» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТПЕН ТОЛЫҚТАЙ ІШКІ ЖАБДЫҚТАУДАН ӨТКЕН ОРТАЛЫҚТА НАУҚАСТАРҒА КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА КЕЛІП ЕМ-ДОМ АЛУҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН.

Жаңа кәсіпкерлік нысанның иесі – ауыл халқына жақсы таныс, көпшілік «қолы жеңіл, епті» деп мақтап жүретін денсаулық сақтау саласында 25 жылдық тәжірибесі бар маман Анар Есмағамбетова. Еңбек жолын 1998 жылы Бақсай ауылдық округінен акушер қызметімен бастаған ол 2000 жылдан бері аудандық емхананың хирургия-терапия бөлімінің медбикесі.

2fb541e1-4606-403e-a1c1-6849e7e0ea96

Біраз жыл денсаулық сақтау саласында еңбек етіп келе жатқан медбике Анар Есмағамбетова орталықты ашу жоспары да, жұмысы да жолдасы Ардақ Ужраевтың қолдауымен жүзеге асқанын айтады:

- Менің армандарымды жақсы білетін жолдасым бұрыннан осындай жеке кабинет, орталық ашып беремін деп айтып жүретін. Кейін пандемия кезінде халықтың емшара кабинетіне кезекке тұрып, мобильдік топтардың үй-үйді аралап екпе салып үлгермей жатқанын көріп, екпе емшара орталығының қажеттілігін нақты түсіндім. Ауру өршіп тұрған уақыттарда 1 күнде 30 адамға үйіне барып екпе, система қойған кездерім де болды. Осылайша әуелден көкейімде жүрген арманым бір сәтте мақсатыма айналып жолдасымның, отбасымның қолдауымен өз қаражатымызға орталық салдық. Болашақта мені іздеп келетін пациенттерім үшін осы таза, жылы, жайлы жерде қызмет етіп, халықтың алғысын алғым келеді,- дейді кәсіпкер Анар Есмағамбетова.

8d689763-4965-4fa8-8767-0d5baf9a1e9e

Емшара орталығының іргетасын қалаудан бастап, төбесін жапқанға дейінгі құрылыс жұмыстарын асарлатып, жұмыла көтерген достарына, құрдастарына, ағайын-туысына, көршілеріне бұл отбасының айтар алғысы шексіз. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын түсіндіріп, конкурсқа қатысуға бағыт-бағдар беріп, ерекше қолдау көрсеткен аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшылығы мен мамандарына да ерекше ілтипатын білдірді. Бастысы орталықтағы емшараның барлық түрі қолжетімді бағада болатынын, зейнеткерлер мен мүгедектерге жеңілдіктер қарастырылатынын да айтты. «Болашақта бизнес-жоспарым мұнымен тоқтап қалмайды, әлі де мүмкіндіктерімді пайдаланып, халыққа пайдалы жұмыс орындарын ашқым келеді»- деген орталық иесінің әр ісіне біз де сәттілік тіледік.

А.САТАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT