Махамбет ауданында 5 адамнан коронавирус анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 62 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 11-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 39 жұмысшыдан, Жылыой -1, Қызылқоға - 5, Махамбет -5, Құрманғазы ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 20-ында ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 12 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 268 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 100 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 16, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 380 адам ем қабылдауда.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз