Әлем назарын аудартқан «коронавирус» дертінің алдын-алу мақсатында бүгінде ауданда бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Аудан емдеу алдын алу мекемелерінің медицина қызметкерлеріне «Этиологиясы белгісіз коронавирустың әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында семинар ұйымдастырылды, обаға қарсы күрес бөлімшесімен бірігіп, жаттығу сабағы өткізілді.
Ауданда «Жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті науқастар анықталған кезде жүргізілетін санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар алгоритміне сәйкес шаралар ұйымдастырылуда. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту шаралары туралы» қаулысына сәйкес азаматтардың көп болатын обьектілерінде дезинфекциялау шараларын күшейту, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мектептерге және арнаулы оқу орындарында балаларды қабылдау кезінде міндетті таңертеңгілік сүзгіні жүргізуге тапсырмалар берілді.
Аудандық емханаға жіті респираторлық вирустық инфекциямен белгілерімен келген науқастарды қабылдау үшін сүзгі бөлмесі, оқшаулау бөлмесі жасақталды, дәлізге коронавирустық инфекция ауруының белгілері туралы ақпарат ілінді, осы инфекцияға байланысты қоңырауларды қабылдау үшін 3-03-46 номері бар, қосымша 3-02-27 телефоны және қосымша автокөлік бөлінді. Ауруханада аса қауіпті аурулар немесе күдік туғанда шұғыл хабарлау схемасы дайындалған.
Емхана жұмыс күндері 08:00-20:00 дейін жұмыс жасайды. Сенбі, жексенбі күндеріне стационардың қабылдау бөлмесінде және аудандық емханада кезекші дәрігер, медбике жұмыс жасайды, қосымша жауапты қызметкерлер аурухана басшысының бұйрығымен тағайындалған.
Аудандық полиция бөлімі қызметкерлеріне профилактикалық қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқау жүргізілді, алдағы күндері коронавирус жөнінде кәсіпкерлермен семинар өткізуді жоспарлап отырмыз.
Г.Ажигалиева,
аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы