Коронавирус туралы не білуіңіз керек?

Аурудың белгілері қандай?

Коронавирус кәдімгі тұмау тәрізді болғандықтан оның алғашқы белгілерін көп адам байқай бермейді. Дегенмен, дәрігерлер келесі симптомдар білінсе, бірден дабыл қағуға кеңес береді:

- дене қызуының көтерілуі, жоғары температура;

- құрғақ қатты жөтел;

- бастың ауруы;

- кеуде тұсының ауруы;

- ентікпе және тыныс алудың бұзылуы;

- жүрек қағысының жиілеуі;

- пневмония;

- безгек;

- мұрынның бітуі;

- фарингит;

- диарея.

О с ы н д а й с и м п т о м д а р д ы байқасаңыз, 103 нөміріне хабарласып, бірден медициналық мекемеге хабар беріңіз. Әсіресе, вирус тараған елдерден сапарлап келген болсаңыз,міндетті түрде тексерілген жөн.

Коронавирус қалай жұғады?

Коронавирус респираторлық жолмен жұғады.Covid-2019 инфекциясын жұқтырған адаммен жақын байланыссаңыз,қауіпті дертке шалдығуыңыз әбден мүмкін. Инфекция ауру жұқтырған адамнан келесі адамға жөтелгенде не түшкіргенде науқастың мұрнынан, аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы беріледі.Бұл тамшылар заттардың бетіне, есік тұтқасына түседі. Ол заттарды ұстаған адам қолын жумастан көзіне,мұрнына немесе аузына тигізсе,ауруды жұқтырады. Сондықтан,коронавирусқа шалдыққан адамнан 1 метрден аса қашықтықта жүру маңызды. Қазіргі уақытта ғалымдар вирустың заттардың бетінде қанша уақыт тіршілік ететінін анықтауда. Вирус бір сағаттан бірнеше күнге дейін өміршеңдігін сақтай алады деген болжам бар. Сондықтан вирусты өлтіру және олардың адамға жұғуына жол бермеу үшін қарапайым дезинфекциялаушы заттарды қолдануға болады.

Коронавирустан қалай сақтану керек?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекцияның алдын алуға беретін кеңестері:

- Қолды әр жарты сағат сайын 20 секунд бойы сабындап жуу;

- Микробтарды өлтіруге антисептик көмектеседі. Медициналық спиртте қолдануға жарайды.

Егер спиртке аллергия бар болса, санитайзерді пайдаланыңыз;

- Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз. Содан кейін майлықты жабық контейнерге тастап, қолыңызды жуыңыз;

- Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз, бұлар вирустың «кіріс қақпасы» саналады;

- Жөтел, жоғары температура және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа симптомдары бар адамдардан аулақ жүріңіз;

- Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, той-томалақ, жиындарға бармай, үйде отыруға тырысыңыз;

- Адамдармен қол алыспай,қашықтықтан амандасқан жөн;

- Іссапардан бас тартып, әлем бойынша саяхатты шектеңіз;

- Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұрыңыз;

- Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаған жөн;

- Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып не пісіріңіз, яғни шала піскен күйінде тұтынбаңыз;

- Температура көтерілгенде, жөтегенде және тыныс алу қиындағанда дереу медициналық жәрдемге жүгініңіз;

- Иммунитетіңізді нығайтып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтыныңыз.

Профилактикалық 5 шара Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;

- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;

- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;

- науқас адамдармен байланысқа түспеу;

- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Үй карантинінде жатқан адамдар нені ескеруі керек?

Covid-2019-дың инкубациялық кезеңі 14 күнге дейін созылады. Дәрігерлер үйде оқшауланған науқастарға келесі кеңестерді ұсынады:

- Үйден шықпаңыз; - Жабық есігі бар, жақсы желдетілетін бөлмеде жатыңыз;

- Қажеттілік үшін бөлмеден шыққан жағдайда маска киюді ұмытпаңыз;

-Түшкіргенде және жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен не шынтағыңызбен жабыңыз;

- Қ о л ы ң ы з д ы ж и і дезинфекциялаңыз, әсіресе, тамақ ішер алдында тазалық шараларын қатаң сақтаңыз;

- Қолды бір рет қолданатын қағаз майлықпен сүртіңіз;

- Мүмкіндігінше бөлек гигиеналық бөлме пайдаланған жөн;

- Үйге қонақтардың келуін шектеңіз.

И.САРБАЛИНА,

аудандық обаға қарсы күрес бөлімше дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521