Коронавирус кімдерге жұқпайды?

 Америкалық және швейцариялық ғалымдар 2003 жылы атипиялық пневмония (SARS-CoV вирусынан) өршіген кезде ауырған адамдарды зерттеді. Олардың ағзасы COVID-19-ды жұқтырмайтыны белгілі болды деп хабарлайды РИА Новости.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін SARS-CoV вирусын жұқтырғандардың ағзасында антиденелер бөлінген. Олар S-ақуызға негізделген. Ал бұл ақуыз жасуша бетіндегі рецепторлар мен коронавирустың түйісуіне жауап беретін көрінеді.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай антидене түрлерінің бірі - S309 - SARS-CoV-2 S-ақуызын бейтараптандыра алады. Осылайша, жедел респираторлы синдроммен ауырғандар COVID-19-дың жаңа типін жұқтырмауы мүмкін.

Мұндай антиденелерді COVID-19-дың асқынған түрін емдеуге және алдын алуға қолдануға болатыны айтылды. Соңғы мәліметке сәйкес, әлемде 4,8 миллион адам коронавирус жұқтырған, 1,7 млн адам жазылып шықты. 318 мыңнан астам адам көз жұмды.

Дереккөз:BAQ.KZ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз