Қазақстанда қызылша ауруы өршіп барады

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынып кеткеніне алаңдаулы.

"Бүгінде қызылша ауруы бізді қатты алаңдатып отыр. Биылғы жылдың басынан бері Қазақстанда қызылшаға күдікті 56 жағдай тіркелді. Оның 20-сы 7 облыста зертханалық расталды, тағы 20 жағдайға тексеру жүргізілуде", – деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, 11 облыста қызылшаға күдікті жағдай тіркеліп, бүгінде жеті облыста расталды.

"Жұқтырғандардың 65 пайызы наурыз айының басында тіркелген. Сонымен қатар қызылша жоғары жұқпалы аурумен сипатталады, ауа тамшылары арқылы таралады және екпе алмаған адамдарға 100 пайыз қауіп төндіреді. Қызылша жұқтырған адаммен 10 адам байланыста болса 10 адамның да ауруды жұқтырып алу қаупі бар", – деді А.Есмағамбетова.

Оның айтуынша, қызылшамен ауырғандардың 30 пайызында асқыну болады.

Айта кетейік, Атырау қаласында 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшаның 4 жағдайы тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта әлемнің әртүрлі аймақтарында қызылшаның таралуының қаупі бар. Себебі, COVID-19 пандемииясынан кейін қызылшаға қарсы вакцинациялаудың және осы инфекцияға эпидемиялық қадағалаудың төмендеуі себеп болып отыр.

Сондықтан мамандар ата-аналарға міндетті түрде вакцина және ревакцина салуға шақыруда. Вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз. Вакцинация ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста, ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT