Дертті дер кезінде анықтау тиімді

Туберкулез – ауа тамшылары арқылы жұғатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын созылмалы жұқпалы ауру.

Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі – науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға науқастың түкірген қақырығының ұсақ сұйық тамшылары арқылы немесе кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе, мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Аталған дертпен ауыратын адамдардың әдетте балалары ауру болып тумайды. Бірақ ата-анасы дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін сақтамаса, дертті баласына жұқтырып алуы мүмкін.

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түріндегі қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әртүрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланыс- ты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді.

Ауруды әртүрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.

Туберкулездің қатерлі ауру екенін естен шығармау керек. Аурудың уақтылы анықталмауы және емделмеуі салдарынан асқынуы қайғылы жағдайларға апарады. Дерт ерте анықталып, дұрыс ем қабылдаған жағдайда науқастың құлантаза сауығуы әбден мүмкін. Ем қабылдау тегін және уақтылы анықтаған жағдайда әрқашан тиімді болады.

Тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілігін арттырып, туберкулездің алдын алу жолдарын жеткізу, уақтылы әрі үздіксіз емделу дерттен айығудың кепілі екендігін кеңінен насихаттау баршаға жүктелген ортақ іс.

Г.АЖИГАЛИЕВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика