Денсаулық сақтау басқармасының басшысы – тікелей эфирде

Ертең, яғни, 9 ақпан күні сағат 17:00-де Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева тікелей эфир арқылы халыққа есеп береді.

Тұрғындар Денсаулық сақтау басқармасының өткен жылы атқарған жұмысы мен осы жылға арнап бекіткен нақты жоспары туралы толық мәліметті алатын мүмкіндікке ие. Сонымен қатар, халық өздерін толғандыратын басқа да сұрақтар қоя алады. Ол үшін тікелей эфирге қосылып, қойылған сауалының жауабын үйде жатып-ақ ала алады.

2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары Атырау облысы әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде есеп беруді бастаған болатын. Алдағы уақытта да бұл үрдіс тоқтамайды.

Тікелей эфирге қосылу сілтемелері:

Facebook https://www.facebook.com/AkimatAtyrau

Instagram https://Instagram.com/akimat_atyrau

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз