Дүниежүзілік денсаулық сақтау желісі (ДДСЖ) маймыл шешегін пандемия деп жариялады.
Қазақстанда коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап. ДДСЖ ұйымының сайтында мәлім етілгендей, аталмыш ұйым маймыл шешегінің өршуін жаһандық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды.
Қазіргі уақытта инфекцияны жұқтыру жағдайлары 58 елде анықталды, науқастардың жалпы саны 3 400-ден асты. Инфекцияның таралу қарқыны апта сайын артып келеді. ДДСЖ теріс салдарды азайту үшін вирус тарап жатқан барлық жерде шұғыл шаралар қабылдау керектігін атап өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 23 маусымда маймыл шешегінің өршуінің жаһандық қаупін бағалау үшін төтенше комитет отырысын шақыратынын мәлімдеген болатын. Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустің айтуынша, маймыл шешегінің бұған дейінгі өршу жағдайларымен салыстырғанда, вирустың бұл жолғы нұсқасында ерекшеліктер бар. Сол себепті вирусологтар бұған жіті назар аударуы тиіс.