COVID-19: Махамбеттің 1 тұрғынынан індет анықталды

Атырау облысы – коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта.

Атырау облысында 133 адам инфекция жұқтырған, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында 96 адам, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 10 науқастың Covid-19 инфекциясын жұқтырғаны расталды. Аудандарда да індет жұқтырғандардың саны өсуде.Соңғы тәулікте Жылыой ауданының 10, Қызылқоға ауданының 5, Индер ауданының 7, Құрманғазы ауданының 3, Махамбет және Мақат аудандарының 1 тұрғынында қауіпті індет анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 65 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 86 адам емделді. Қазіргі уақытта 1173 адам үй жағдайында, 178 адам модульдік ауруханада ем алуда.

Қазіргі уақытта 1149 адам үй жағдайында, 168 – модульдік ауруханада, 93 – облыстық аурухананың инфекциялық стационарында, 66 – фтизиопульмалогиялық орталықта, 145 -аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда.

Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 164 адам емделуде.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT