Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
15 маусымдағы деректер бойынша "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентін 953 жергілікті тұрғын алды.
Екпе алғандардың қатарында 21 медицина қызметкері, 32 педагог, 1 полиция қызметкері, 10 студент, 1 жабық мекеменің қызметкері, 2 құқық қорғау орган қызметкерлері, 2 мемлекеттік қызметші, 4 созылмалы аурулары бар науқастар, 880 жергілікті тұрғын.
2021 жылғы 1 ақпан мен 15 маусым аралығындағы кезеңде барлығы 67 539адам "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 23 614 адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді. Егу пункттерінде қандай вакциналар барын 98 - 02 - 92 колл-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады.
Сурет:дереккөз