Бір тәулік ішінде 2 500 атыраулық вакциналанды

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

27 сәуірдегі деректер бойынша 2 492 жергілікті тұрғын "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентін алды. Оның ішінде, 100 медицина қызметкері, 141 педагог, 57 полиция қызметкері, 30 студент, 6 жабық әлеуметтік мекеме қызметкері, 11 құқық қорғау органдарының қызметкері, 70 мемлекеттік қызметші, 21 созылмалы аурумен ауыратын адам және 1 756 жергілікті тұрғын бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 27 сәуір аралығында "Спутник V" және "QAZVAC" вакциналарының I компонентімен 20 228, II компонентпен 5 304 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен баруы қажет. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап аймаққа "Спутник V" вакцинасының 38 200 және "QAZVAC"вакцинасының 2 000 дозасы жеткізілді.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз