Бетпердені 3 сағаттан артық тағуға болмайды

Дүние жүзін шарпыған жұқпалы індет бізді де айналып өтпеді.

Өкінішке орай, коронавирус жұқтырғандар мен осы кеселден көз жұмғандар да болды. Біраз ағайын, айналамыздағы таныс адамдарды арамыздан алып та үлгерді. Ілкіде сол коронавирус індетіне сенбегендер де болған. Айналып келгенде жаз айында індет өзінің ешкімді аямайтынын дәлелдеп көрсетті. Сол күрделі ахуалдың зардаптарын естен шығармағанымыз жөн.

Қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясына қатысты эпидемилогиялық жағдай тұрақталғанымен, басқа мемлекеттерде індет қайта ушыға бастады. Құзырлы органдардың барлығы індетпен күреске дайын. Елдегі жағдай тұрақталды деп босаңсуға болмайды. 

Соңғы жаңалықтардан жұқпалы індеттің екінші толқыны келе жатқаны туралы естудеміз. Инфекционист ретінде айтарым,мектептегі балалардың қашықтан оқуды дұрыс деп есептеймін. Өзім де үш немеремді қашықтан үйден оқытып отырмын. Жұқпалы індеттің аты айтып тұрғандай, ауру адамнан сау адамға жұғады. Сондықтан әрбір адам саналы түрде той, садақаларға адам көп жиналатын жерге бармауға тырысып, қолымызды жиі жуып, бетпердемізді тағып, арақашықтықты сақтауға тырысайық! Бір реттік бетпердені де 3 сағаттан артық тағуға болмайды. Матадан тігілген бетперде де бір қабаттан тұрса, ол да қауіпті екенін ескерген жөн. Індетті өзіңді-өзің оқшаулау арқылы жеңетінімізге сенімдімін. Кезінде оба індетін де осылай жеңген болатынбыз.

Зияда ҚҰРМАНҚЫЗЫ,

денсаулық сақтау саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521