Балаларға арналған «Pfizer» вакцинасының Қазақстанға әкелінетін уақыты белгілі болды

Жылдың аяғына қарай 4 млн дозадай «Pfizer» вакцинасы елге жеткізіледі деп күтілуде. Қазіргі таңда аталған вакцинаны балаларға және жүкті аналарға салу мәселесін арнайы құрылған комиссия талқылауда.

«Бұл туралы № 7 ​ Атырау ​ қалалық емханасының директоры​ Гүлнафис Таңбаева брифингте мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі уақытта 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салу мәселесін зерделейтін арнайы комиссия құрылды. Комиссия отырысы​ оң шешім қабылдаса, балалар мен жүкті әйелдерге вакцина салу жылдың 4 тоқсанынан басталады» деді спикер. ​

Мамандар коронавирус инфекциясының таралу деңгейін ауыздықтау үшін, облыс халқының кемінде 70 пайызы вакцина алу қажеттігін айтуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз