Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алады

Премьер-министр Асқар Мамин ақылы түрде екпе салдыру ұсынысын қолдады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға 379 мың доза Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілгенін еске салды. Оның айтуынша, екінші партияны 20 қарашаға дейін жеткізу жоспарланған.

Республиканың жеті өңірінде вакцинация басталған. Бұл – Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары және Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары.

"Ведомствоаралық комиссия тапсырмасына сәйкес, Comirnaty (Pfizer) вакцинасын халықтың қалауы бойынша ақылы негізде вакцинациялау бойынша коммерциялық нарықта өткізу мүмкіндігі туралы Үкімет Қаулысының жобасы әзірленді", - деді Цой Үкімет отырысында.

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин министр мен ВАК ұсынысын қолдады.

"Мен коммерциялық сегментке вакцина жеткізу мүмкіндігі туралы ұсынысты қолдаймын, осылайша тілек білдірушілер өздеріне қажетті вакцинаны ақылы түрде ала алады", - деді Мамин.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT