Қазақстанда омикрон штамы анықталған жоқ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда ПТР-скринингтен кейін омикрон-штамм анықталмағанын мәлімдеді.

"Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты негізде коронавирус инфекциясы штамдарының айналымдағы нұсқаларына мониторинг жүргізіп жатыр. Мәселен, коронавирустың жаңа нұсқасы - омикрон штамының пайда болуын ескере отырып, Алматыда "омикрон" коронавирус штамының нұсқасына тән мутацияның болуына алдын ала ПТР-скрининг жүргізілді. "Омикрон" коронавирус штамы нұсқасының айналымы анықталған жоқ", - деді Цой Үкімет отырысында.

Министр Қазақстанның барлық өңірінде іріктелген оң сынамалар үлгілерінің толық геномдық жүйелілігі жалғасып жатқанын айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT