Қауіпті дерттен сақтаныңыз!

Құтыру ауруы – орталық жүйке жүйесін зақым арқылы өлімге әкеліп соғатын ауру. Жануар адамды тістеп, қапқанда, жараға жұққан сілекейі арқылы ағзаға түседі.

Құтырма вирусы сілекей арқылы беріледі. Әсіресе бас, қолдан тістеу ең қауіпті болып табылады. Құтырма дертінен сақтанудың төмендегідей ережелерін есте сақтаңыз.

– Үй жануарларында құтырма ауруының белгілерін байқасаңыз, дереу мал дәрігеріне хабарласыңыз. Мал иелеріне өз бетімен көмек көрсетуге тыйым салынады, себебі бұл қауіпті.

– Егер адам мен жануарға құтырма қоздырғышы жұққаннан кейін дер кезінде екпе жасалмаса, 100% өлімге әкеліп соғады. Жануарлар қауып алған жағдайда бірден дәрігерге қаралып, құтырмаға қарсы екпе салғызу қажет. Тек уақытында жасалған вакцина ғана аурудың асқынуынан сақтай алады.

– Емдеу-профилактикалық егулердің толық курсы 6 иньекциядан тұрады: біріншісі, өтініш түскен күні салынады, содан кейін 3 ,7, 14, 30 және 90-күндері. Егер 10 күннен кейін жануар сау болса (мал дәрігерінің анықтамасы болған жағдайда) егуді тоқтатуға болады. Антирабикалық көмек тегін көрсетіледі.

Г.ӘЖІҒАЛИЕВА,

Махамбет аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз