Ауданда 2 адам коронавирус жұқтырған

Атырау облысында 48 адам індет жұқтырған.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 15 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 30 адамнан болса, Махамбет - 2, Құрманғазы және Қызылқоға аудандарында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 11 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 15 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 184 адам үй жағдайында емделуде.

Облыстық инфекциялық стационарда 84 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 15 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 307 адам ем қабылдауда.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының көрсеткішіне байланысты Атырау облысы "сары" аймақта.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT