Атыраулықтар дәрі бағасының себепсіз өсіміне шағым түсіре алады

Ол үшін 8 (7122) 35 42 10 байланыс нөміріне хабарласу керек.

Атырау облысының әкімдігі «ФармҚауымдастық» қоғамдық бірлестігімен және Атырау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен меморандумға қол қойды,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Мұндағы мақсат — дәрілердің бағасын бақылауда ұстап, әр адамға тиесілі көлемін ғана сату. Осы жұмыстар аясында «Вердант» деп аталатын косметологиялық кабинеттің заңсыздығын әшкереленді. Аталған кеңсе лицензиясыз, елімізде тіркелмеген фармацевтикалық өнімдердің жүзден астам түрін сатып келген. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен онлайн брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

«Облысымызда бірнеше бақылаушы органдардан құралған мобилдік топ құрылғанын айта кетейін. Олар дәрі-дәрмектің бағасын шарықтатпауды қадағалайды. Бағаны шекті бағасынан асырғандар заң шеберінде жауапқа тартылатындығын ескертемін және оларды анықтау жұмыстары әлі де жалғасады», - деп нақтылады облыс әкімі.

Сурет: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз