Атыраулық мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырудың негізгі ошақтарын атады

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті коронавирус инфекциясын жұқтырудың негізгі ошағы қоғамдық орындар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Адамдар көп жағдайда сауда үйлері, базарлар, медициналық ұйымдар, қоғамдық тамақтану орындарына бару арқылы қатерлі дертке шалдығуда. Сондай ақ, адамдардың еске алу, мерейтой, үйлену тойлары сынды отбасылық шараларға жиі қатысуы арқылы да, ​ коронавирус инфекциясы өршіп жатыр.

«Жүргізілген эпидемиологиялық зерттеу қауіпті инфекцияны жұқтыру ошағының ​ 35,8%-ы аталған орындар екенін көрсетіп отыр.

Науқаспен ​ жақын қарым – қатынаста болғандар, қоғамдық көлікті жиі пайдалану, ​вахталық кенттерде жұмысшылардың өзара тығыз қарым-қатынаста болуы да инфекцияның таралу ошағына айналып отыр» делінген ​ Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, соңғы жеті күнде, яғни 10-17 қаңтар аралығында Атырауда ​ 3227 адам коронавирус жұқтырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз