Атыраудағы перинаталдық орталықта жыл басынан бері 133 сәби шетінеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Прокуратура облыстық перинаталдық орталықтың қызметіне тексеріс жүргізді. Тексеріс кезінде жыл басынан бері 133 нәресте шетінегені анықталды. Осыған қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды. Соның екеуі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Перинаталдық орталыққа облыс тұрғындарының арыз-шағымдарына арналған жәшіктер орнатылып, сенім телефондары көрсетілді», - деп мәлімдеді Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, шетінеу жағдайлары ең алдымен салмақтың аздығымен байланысты. Кей балалар тіпті 500-800 грамм болып туған.
Сурет:дереккөз