Атырауда вакциналау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары күшейтілді

Медицина қызметкерлерінің өңір кәсіпорындары ұжымдарымен, сондай-ақ халықпен кездесулері жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың тапсырмасы бойынша өңірде вакциналау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Бүгін, 17 тамызда «Атыраунефтемаш»зауытының ұжымымен кездесу өтті. Әңгімелесу барысында Еркінқала отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының директоры Еркін Сабиров кәсіпорын қызметкерлеріне ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцинациялаудың маңыздылығы, сондай-ақ қызметкерлердің жеке қауіпсіздігі туралы айтып берді.

– Кәсіпорын ұжымдарымен осындай кездесулер өте маңызды, өйткені қызметкерлер вакцинация туралы қажетті және сенімді ақпаратты тікелей медицина мамандарынан алады. Сондай-ақ, олар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарды қойып, кеңес ала алады. Кейін, қызметкерлер вакцина алуға  жазыла алады. Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алғысы келетіндерге жылжымалы пункттің кәсіпорынға баруы ұйымдастырылады, – деді Еркін Сабыров.

Айта кетейік, бүгінде «Атыраунефтемаш» машина жасау зауытында 230-дан астам қызметкер жұмыс істейді, олардың 114-і Covid-19 қарсы вакцина алды, 17-де вакцина алуға қарсы медициналық көрсетілім бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз